Атырауда қаланың тең жартысы көгілдір отынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қаланың тең жартысы көгілдір отынсыз қалды

15.09.2021

Атырауда газ құбырында апат болып, қаланың тең жартысы көгілдір отынсыз қалды. Мамандар оқиға орнында сағат 8-ден бері жұмыс істеуде. Қазір бізден байланыста меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тұр. 

Жандос Темірғали, тілші:
Апат жөнінде мамандарға таңғы 7:45те жолай өтіп бара жатқан тұрғын хабарлаған. Оқиға Атырау-Орал тас жолының бесінші шақырымында болды. Жер асты құбыры бойынан газ кетіп, салдарынан Жайықтың оң жағалауында орналасқан тұрғындарға көгілдір отын беру тоқтатылды.
Құрманбек Өмірзақов, Қазтрансгаз аймақ АҚ Атырау өндірістік филиалының бөлім басшысы:
Жөндеу жұмыстарына орай Атырау ықшам ауданынан бастап, Еркінқала елдімекеніне дейін газ беру уақытша, жұмыс аяғының соңына дейін тоқтатылады. 
Жандос Темірғали, тілші:
Қазір оқиға орнында газға жауапты мекеменің 6 техникасы мен 12 маманы жұмыс істеп жатыр. Ақаудың нақты неден шыққаны тексерістен кейін белгілі болад. Жауаптылар кешке дейін газды қосамыз деп отыр.

Жандос Темірғали 

Хабарламаларға жазылу