Астанада екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп салынады

21.11.2023

Елордада екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп пайда болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесу барысында мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, елорда да халық саны жыл сайын кем дегенде 60 мың адамға артып отыр. Оның жартысы бала туу есебінен болса, қалғаны еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударады. Жиында қала кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Мырзабек Кужимов, сауда-экономикалық колледжінің директоры:

Бүгінгі кездесуде әкімге Жеңіс Қасымбекұлына дуалды оқыту туралы сұрағымды қойдым. Оның маңызды екенін түсінді. Бұл жұмысшы мамандық. Бұл мәселені шешеміз деп айтты. Көмектесеміз деп айтты.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу