Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

20.11.2023

Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады. Ол Президентке биылғы 10 айда атқарған жұмыстары жөнінде, жиын-терін науқанының қорытындысы туралы мәлімет берді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығаруды тапсырды. Соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыруды жүктеді.

Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрі:

Ауыл шаруашылығын ары қарай дамыту туралы жоспарды баяндадым. Оның ішінде қандай өзгерістер бар екендігін, ауыл шаруашылығын кешенді дамыту концепцияға кірілетін болады, толықтырулар болады, соны ары қарай дамытамыз, осы туралы да баяндап өттім. Мемлекет басшысы тапсырма берді. Біраз міндеттер қойды. Сол міндеттерді атқару үшін жұмыс жасайтын боламыз.


Хабарламаларға жазылу