Ақтөбеде 5 жұмысшысының өліміне кінәлілер анықталды
Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының 5 жұмысшысының өліміне кінәлілер анықталды. Арнайы құрылған комиссия бүгін өз қорытындысын жария етті.
Онда қайғылы оқиғаға зауыт басшылығының кінәсі 80 пайыз деп көрсетілген. Бұл жағдайға байланысты соңғы шешімді сот шығарады. Естеріңізге салсақ, 28 мамыр күні хром қосындылары зауытында ішінде гидроксилі бар 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде 6 жұмысшы зардап шеккен еді. Төртеуі оқиға орнында, біреуі кейін ауруханада қаза тапты. Олар ыстық буға күйіп қалған. Аман қалған қызметкер ауруханада ем алып жатыр.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06