Орталық Азия чемпионы Армия Ушуров биыл 91 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия чемпионы Армия Ушуров биыл 91 жасқа толды

17.11.2023

Жеңіл атлетикадан Қазақ КСР-нің және Орталық Азияның чемпионы – Армия Ушуров биыл 91 жасқа толды. Халықарылық жарыстарда талай ел намысын қорғап, тіпті 10 жыл бойы ешкім қайталай алмаған рекорд орнатқан ол, қазір Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында тұрады. Ғасыр жасаса да спортты тастамай, ауылдастары мен жастарға үлгі болып жүрген қариямен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Таңертең тұрып, дене шынықтыру 91-ге келген Армия Ушуров үшін үйреншікті жағдай. Аз-маз бой сергіткен соң бірнеше шақырым жүгіріп келуді де әдетке айналдырған. Өзі туып өскен Диірмен ауылында 40 жыл денешықтыру пәнінен сабақ берген азаматтың алғашқы шәкірттері қазір 70-тен асқан. Солардың бірі Тұрғанбек Құрманқұлов. Ол да ұстазынан қалмай, барынша салауатты өмір салтын ұстануға тырысады.

Тұрғанбек Құрманқұлов, Армия Ушуровтың шәкірті:

Арты біз міне 72-ке келдік. Әлі де болса бізге ақылын айтады. Қалайсыңдар күніне бір-екі шақырым жүгіресіңдер ме дейді. Жүгіреміз ата деп қоямыз. Бірақ, жүгіре алмаймыз. Аяқтар ауырады. Ұлағатты ұстаз, ауылымыздың беркеті. Ақсақалымыз Ария «әкә» осы үйде тұрып жатыр міне.

Шәкірттерінен шапшаң қария өмір бойы жеңіл атлетикамен айналысқан. 1957 жылы Орталық Азия елдерінің арасында өткен көпсайыста топ жарған. 1965 жылы Кеңес Одағы халықтарының бірінші спартакиадасына, одан кейін Монғолия мен Қытайда өкен халықаралық жарыстарға қатысып, өңір намысын қорғаған. Бірақ оның ең үлкен жетістігі 1952 жылы болды. Сол жылы 110 метрге кедергімен жүгіруден бұрын соңды болмаған рекорд орнатқан.

Армия Ушуров, Жеңіл Атлетикадан Қазақ КСР-нің Және Орта Азияның чемпионы, Ұйғыр ауданының құрметті азаматы:

Сергей Качаев дегеннің рекорды екен. 1951 жылы 16:02 секундте мәре сызығына келіп, сол кісінің рекордын қайталадым. Одан кейін бір жыл дайындалып, 1952 жылы жаңа рекорд көрсеттім. Тура 16 секундта келдім 110 метрге. Менің рекордым 16 секундты 10 жылдай ешкім өзгерте алмады.

Бүгінде аудандағы ешбір спорттық шара Армия Ушуровтың қатысуынсыз өтпейді. Айта кету керек, қария бүгінде үлкен бір әулеттің ұйытқысы. Ауылға сыйлы азамат.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу