Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды

03.10.2014
Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды

Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Соңғы жекпе-жекте аса ауыр салмақта (+91 келі) қазақстандық Иван Дычко Иран боксшысы Хасем Делваримен жұдырықтасты.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Иван 3:0 (30:26; 29:28; 30:27) есебімен басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ерлер бәсекесінде қазақстандық боксшылар 6 «алтын», 1 «күміс» пен 1 «қола» иеленді.

Фото: Данияр Майлыбаев

 

Хабарламаларға жазылу