Елордада «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді

22.05.2014
Елордада «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі транзиттік-көлік әлеуеті бойынша «ТрансЕуразия-2014» IX Халықаралық конференциясы шеңберінде «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесін өткізеді.
 
Биыл іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Литва, Эстония, Беларусь Республикасы және Украинадан 91 компания қатысады.
 
«Транзит Қазақстан-2014» көрмесі - Орталық Азия аймағының көліктік, логистикалық және машина құрастыру салаларындағы басты оқиға. Дәстүр бойынша көрме алаңында көлік индустриясының соңғы жетістіктері көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу