Өзбекстанда балалардың дәріден уланғаны белгілі болды
Өзбекстанның Наманган облысында жаппай ауруханаға түскен балғындар иод тапшылығына қарсы препараттан уланған. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі ресми түрде растады. Бұл келеңсіздікке қатысы бар қызметкерлердің заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Құрамында йоды бар дәрі балаларға шамадан тыс мөлшерде берілген. Мұны толығымен растаймын. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов осылай деп мәлімдеді. Ол мұны Олий Мәжілістің пленарлық жиынында айтты. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында кемшілік тым көп екенін, мәселені түбірімен шешуге бел буып отырғанын да қоса кетті.
Амрилло Иноятов, Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі:
Бұл оқиғаға қатысы бар тұлғалар заң алдында жауап беруді бастады, олардың ешбірі жазадан қашып құтыла алмайды. Мен министр ретінде жауапкершілікті мойныма алып, алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол берілмейтінін мәлімдеймін.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Еске салайын, 21 қыркүйекте Наманган облысының Чуст ауданында 70-тен астам бала уланып, ауруханаға түскен. Артынша ресми органдар науқас балғындар саны 450 ге жеткенін хабарлады. Дене қызуы көтеріліп, іші ауырған жеткіншектердің улануына құрамында йоды бар препарат себеп болуы мүмкін деген болжам сол тұста айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі тергеу аяқталғанша «Антиструмин» препаратын қолдануға тыйым салды. Жедел жұмыс тобы құрылған, зерттеу әлі жүріп жатыр. Қоғамды дүр сілкіндірген бұл іс қазір бас прокуратураның назарында.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35