Жамбыл облысы енді судан тарықпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы енді судан тарықпайды

14.11.2023

Жамбыл облысының суармалы жерлері енді судан тарықпайды. Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылық министрімен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізді.

Кездесу нәтижесінде Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі бірлескен Комиссияға тапсырма жүктелді. Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша шешім қабылданды. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов елімізге су жіберуді жақсарту үшін мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарының тізбесін кеңейту қажеттігін айтты. Мәселен, қазақстандық тарап осы тізбеге Күркіресу өзеніндегі құрылыстарымен «Ақмолда», «Қаратақы» және «Төментамға» арналарын, Шу өзеніндегі «Колос» каналын және Талас өзеніндегі құрылыстарымен бірге «Кож» каналын енгізуді ұсынды.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу