Жамбыл облысында саяжай сарқынды судан тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында саяжай сарқынды судан тазартылды

02.05.2023

Жамбылда жарылып кеткен су арнасынан келген шығын бір айдан кейін ғана белгілі болмақ. Бүлінген су каналының егістікке ағатын арнасы болса, 4 күнде қалпына келтіріледі. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігі мәлімдеді. Жексенбі күні «Дорожник» саяжайында болған апаттан бірнеше баспананың қабырғасы бүлініп, жарылып кеткен болатын. 250 түтін тұратын елді мекенде жалпы саны 8 үй бүлінген. Қора-қопсылар да қирап, балшыққа батып жатыр. Каналға жақын жатқан ауыл сыртындағы автожол да, опырылып кеткен. Таңғы алтылар шамасында болған апаттан кейін 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар туыстарының үйін уақытша паналаймыз деген соң, Таразға жеткізілген. Қазіргі су кірген үйлерді тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылдықтардың айтуынша, осыған ұқсас апат 6 жыл бұрын болыпты. Әкімдік тарапы барлық шығынды өздері өтеп бермек. Айта кетейік, «Исмайл» каналы арқылы 700 гектар егістік суарылады. «Қазсушар» мекемесі дихандар даурығатындай мәселе жоқ деп сендірді. Олар келесі жылы каналдың қауіпті тұстарын бетондамақ болған. Бірақ бір жылға шыдас береді деген канал ойламаған жерден опырылды деп отыр.

Ерлан Өтегенов, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры:

Жаңа арна жасап, шаруа қожалықтарға біз бірінші мақсат су беру. Дамбаны қалпына келтіру жұмыстары жәймен жасала береді.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу