Газада шабуылдан қайтыс болған адам саны 11 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газада шабуылдан қайтыс болған адам саны 11 мыңнан асты

13.11.2023

Газа секторында Израильмен арадағы соғыста қайтыс болған адам саны 11 мыңнан асты. Мұны анклавты бақылап отырған «Хамас» қозғалысы мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәрізді басқа да халықаралық ұйымдардың дерегінше, палестиналық тарап берген ақпарат шындыққа жанасады. Израиль Газа қаласын толықтай қоршауға алып, ондағы ауруханалар маңында шабуыл жүргізіп жатыр. «Әл-Шифа» ауруханасымен сенбіден бері байланыс үзілген. Бұған қоса, емдеу мекемесінде генераторларға арналған отын таусылып, электр қуатынсыз қалды. Соның салдарынан дәрігерлер жаңадан туған нәрестелерді инкубаторлардан шығарып, жылуы бар кереуетке ауыстыруға мәжбүр болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұнда көптеген науқас қайтыс болғанын айтып, «Әл-Шифа» аурухана ретінде қызметін атқара алмай жатыр деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу