Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысымен кездесті

11.11.2023

Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысымен кездесті. Сұлтан Раев Мемлекеттік кеңесшіге халықаралық ұйымның биыл атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарын баяндады. Бірлестіктің құрылғанына биыл – 30 жыл. Ерлан Қарин ұйымның түркі жұртының мәдениеті мен әдебиетін насихаттауға қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

Әрі еліміз Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық еткенде басым міндеттерді жүзеге асыруға ТҮРКСОЙ ықпал еткенін атап өтті. Нәтижесінде ұйымның Х саммиті Астанада табысты өтті, - деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ, Тараптар келесі жылы Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын бірлесіп ұйымдастыру жағын талқылады.


ТҮРКСОЙ Ерлан Қарин

Хабарламаларға жазылу