Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі жоғары комиссарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі жоғары комиссарымен кездесті

13.09.2022

Ерлан Қарин Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссары Қайрат Әбдірахмановпен кездесті. Тараптар қазіргі және келешектегі ынтымақтастық мәселелерін, ұлтаралық келісімді нығайту жайын талқылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы да сөз болды. Мемлекеттік кеңесші Жаңа әділетті Қазақстан құру жолында атқарылып жатқан саяси бағдарламалар туралы мәлімет берді. Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайындағы диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.


Хабарламаларға жазылу