Үндістан билігі дүлей дауылға байланысты жағалау тұрғындарын көшіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан билігі дүлей дауылға байланысты жағалау тұрғындарын көшіріп жатыр

15.06.2023

Үндістан билігі жағалау тұрғындарын көшіріп жатыр. Мұнда бүгін кешке дүлей дауыл соққы бермек. Циклон қаупіне байланысты Гүджарат штатында 75 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. «Бипарджой» дауылы қазір Үндістан мен Пәкістанға сағатына 135 шақырым жылдамдықпен беттеп бара жатыр.

Пәкістанда да теңіз жағалауындағы аудандардан 62 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Циклонның екпінінен Араб теңізінде алып толқын көтеріліп, төмен орналасқан аудандарды топан су басуы ықтимал. Нөсер жаңбыр жауып, алапат дауылдан талай нысан қирайды деген де болжам бар.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу