Елордада LRT жүйесінің тірек құрылымы қисайып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада LRT жүйесінің тірек құрылымы қисайып қалды

10.11.2023

Елордада LRT жүйесінің тірек құрылымы қисайып қалды. Қоғамдық көлікке жауапты компанияның мәлімдеуінше, Қалдаяқов көшесі бойында Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесі аралығындағы LRT құрылыс алаңының аумағында бетон құю кезінде қалыптың болт қосылымына жүктеме артып, нәтижесінде қалып бұзылған.

Салдарынан темірбетон тірегінің конструкциясы бір жағына қарай ауған. Қазіргі уақытта учаскеде қозғалыс шектеліп, қисайған құрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу