Елордада 100 жаңа электроавтобус пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 100 жаңа электроавтобус пайдалануға беріледі

03.10.2019

Елордада жаңадан 100 электроавтобус пайдалануға берілмек. «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы осындай ақпаратпен бөлісті. Олардың барлығы Қостанайдағы машина құрастыру зауытында шығарылады. Айтуларынша, электроавтобустар барлық талаптарға сай келеді. 

Төмен еденді, үш есікті. Қыстың 40 градус аяздарына еркін шыдас береді. Күніне бір рет қуатталса жеткілікті. Ақпан айында тестілеуден де өткізілген. Осылайша «Астана LRT» дизельді отынға қосалқы бөлшектерге кететін шығында едәуір азайтамыз деп отыр. Алғашқы 50 автобус жыл соңына дейін қалғаны келер жылдың басында қала көшелеріне жіберілмек.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:

Біз автопаркті жаңартып отыруға тиіспіз. Қазір қала көшелерінде жүрген өте ескі автобустар да бар. Халық саны да жыл сайын өсіп жатыр. Жаңа автобустар алу арқылы біз олардың жүру интервалын қысқарта аламыз. Дегенмен бұл қала ішіндегі қатынастың бағасына мүлдем әсер етпейді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу