Таулы Қарабақта әскери парад өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта әскери парад өтті

09.11.2023

Әзербайжан Таулы Қарабақ астанасы Ханкендіде парад өткізді. Бұл қала бұрын Степанакерт деп аталғаны белгілі. Президент Ильхам Әлиев мінберден тамашалаған әскери шеру барысында көпшілік алдынан сап түзеген жауынгерлер ғана емес, армяндардан тәркіленген техника да жүріп өтті.

Әзербайжан армиясы Қарабақты қыркүйектің 19-да басталған 24-сағаттық соғыс нәтижесінде қайтарып алды. Содан кейінгі бірнеше күнде даулы аймақтағы 120 мыңдай этникалық армянның түгелге жуығы Арменияға үдере қашты. Ресми Бакудың мәлімдеуінше, Әзербайжан енді тарихтың жаңа бетін ашып, Армениямен бейбіт қатынас орнатуға дайын.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу