Қарағанды облысында қызылша дерті дендеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қызылша дерті дендеп тұр

09.11.2023

Қарағанды облысында 260-тан астам бала қызылша жұқтырған. Күн сайын өңірде қауіпті дертпен 10 науқас анықталып жатыр. Дені бір жастан 4 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар. Ал қазан айында науқастар саны бұдан екі есе көп болған. Мамандардың айтуынша қызылша аурының 85%-ы екпе салдырмағандар арасында тіркелген.

Жанар Беркімбаева, санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың бөлім басшысы:

Көбінесе бұл ауырып жатқан балалар екпеден бас тартқандар. Қандай да бір себеппен екпе алған балалар арасында да тіркелуде. Сонымен қатар ересектер арасында да тіркелуде. Бірақ ол 7-8 пайыз ғана. Көбіне балалар арасында. Сондықтан 4 жасқа дейінгі балаларға жаппай иммундау науқаны жүргізілуде.

Еліміз бойынша 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Оның 83 пайызы балалар. Науқастардың 70 пайызы екпе алмаған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы қосымша иммундауға қатысуға шақырды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бұл аурудың этиятроптық емі жоқ. Симптаматикалық ем жүргіземіз. Қазіргі 450 мыңдай доза вакцинамыз бар. Қосымша миллиондаған доза алайын деп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін 500 мың доза вакцина аламыз. Бұл шараны келесі жылдың қаңтар айының аяғына дейін жүргізетін боламыз.


Руслан Нұрланұлы


Қарағанды облысы

Хабарламаларға жазылу