Басты Жаңалықтар Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Елімізде жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали баяндады. Ақпаратқа сай, 10 айда мыңнан астам адамның ісі әшкере болды. Оның 150-ден астамы түрлі деңгейдегі басшылар. Олардан сот арқылы 280 миллиард теңгеден астам шығын өндірілген.

Сондай-ақ, кездесуде Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев, жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді. 

Досжан Маратұлы

Бөлісу