Флоридаға «Гордон» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флоридаға «Гордон» дауылы соққы берді

04.09.2018

Құрама Штаттарға тропикалық «Гордон» дауылы соққы берді. Қазір шторм Флоридаға жетті. Мұнда күшті жел көтеріліп, нөсер жауын құйып тұр. Бүгін-ертең «Гордон» Луизиана штатына ойысуы мүмкін. Осыған орай, мұнда төтенше жағдай жарияланды.

Табиғи апаттан әсіресе, жағалаудағы аудандарға қауіп төніп тұр. Сондықтан, штат губернаторының тапсырмасымен бұл аймақтарға елдің Ұлттық ұланының 200 сарбазы жөнелтілді. Ал, Жаңа Орлеан қаласы тұрғындарына үйлерінен шықпау туралы ескерту жасалған.

Соңғы деректерге сай, шторм эпицентріндегі жел секундына 26,8 метр жылдамдықпен соғып тұр. Оның екпіні әлі де күшейе түсуі ықтимал.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу