Қазақстан көлік транзитінің әлеуетін арттырады
Қазақстан көлік транзитінің әлеуетін арттыруды көздейді. Ол үшін жолдарды жаңғыртуға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бұл туралы Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық көлік форумында айтылды. Сала вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан өз аумағындағы халықаралық көлік-транзиттік дәліздерді жетілдіруге баса назар аударатынын атап өтті. Елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар, оның бесеуі темір жол, қалғаны автокөлік жолдары. Еуропадан Орталық Азия мен Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын ең қысқа жол біздің ел арқылы өтеді. Салаға инвесторлар тарту ісі де жолға қойылған.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:
Ақтау, Құрық порттарына Абу-Даби пурс деген Араб әмірліктерінен келген компания инвестиция жасап жатыр.Өзге әуе тасымалы бойынша БАӘ- нің терминалс компаниясы келіп жатыр Астана әуежайына.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 13:17
Халықтық Конституция – өрлеудің жаңа кезеңі
03.07.2026, 13:15
Хаменеиді жерлеу рәсімі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
03.07.2026, 13:12
Ресейде электромобильдерге сұраныс артып келеді
03.07.2026, 13:09
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған блогерлер ұсталды
03.07.2026, 13:06
Оралда 25 тұрғын уақытша баспаналы болды
03.07.2026, 13:03
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 7 ауқымды жоба жүзеге асады
03.07.2026, 13:00
ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңді
03.07.2026, 10:17