Костенко шахтасында болған апат кезінде қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы мен төлемдер тағайындалды. Қаржы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі. Сондай-ақ, қайтыс болған 46 кеншінің, 21-інің қамқорлығындағыларға республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Мөлешері: 1 балаға 37 322 теңге, 5 балаға 111 560 теңге. Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі бала күтімімен жұмыс істемейтін аналарға да тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер бала 18 жасқа толғанға дейін, ал жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін беріледі.
Асылбек Данияр