Зиянды кәсіпорында еңбек ететіндерге 55 жастан арнайы әлеуметтік төлем берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиянды кәсіпорында еңбек ететіндерге 55 жастан арнайы әлеуметтік төлем берілмек

02.11.2023

Зиянды кәсіпорындарда еңбек ететіндерге әлеуметтік қолдау артады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұндай қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізу бойынша заңнамалық түзетулер әзірленгенін айтты. Құжатқа сай, кенші сияқты қауіпті әрі зиянды ортада жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер берілмек. Заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында. Депутаттар бізді қолдап, заң жобасы жақын арада қабылданады деп үміттеніміз деді премьер.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Бұл түзетулер адамдарға 55 жаста зиянды еңбек жағдайларынан шығып, тиісті әлеуметтік төлемдер алуына мүмкіндік береді. Бірақ 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуі шарт. Аталған төлемдер төрт түрлі қаржы көзінен: республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, сақтандыру ұйымдарының қаражаты және жұмыс берушілер есебінен жүзеге асырылатын болады. Ал зейнет жасына толғаннан кейін олар жалпыға бірдей зейнетақы алады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу