Франция президентіне «Этноауыл» көрмесі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президентіне «Этноауыл» көрмесі таныстырылды

02.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті «Этноауыл» ұлттық көрмесін аралады. Президенттер бастаған делегацияны Жас көрермендер театрының әртістері мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі қарсы алды. Кейін олар жеміс-жидекпен безендірілген «Көк базарды», қолөнер бұйымдары мен қазақ суретшілерінің картиналарын, әрі отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалады. Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандар қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, қазақтың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Мемлекеттер басшылары асық атып көрді.

Бұл Эмманюэль Макронның Қазақстанға алғашқы ресми сапары еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентін әуежайдан құрметтеп шығарып салды. Оның Орталық Азияға турнесі ары қарай да жалғасады. Эмманюэль Макрон мінген ұшақ Өзбекстанға аттанды.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу