Талдықорғанда қазақ мәдениетін әлемге таныту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қазақ мәдениетін әлемге таныту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр

22.04.2019

Талдықорғанда «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгеріту» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

- Жетісу төрінде мұндай деңгейдегі конференция алғаш рет өтіп жатыр. Басты мақсат - қазақтың бай мәдениетін күллі әлемге паш ету. Рухани байлығымызды жаһанға қалай таныстырамыз? Бірнеше елден келген сарапшылар осы сұрақтың жауабын іздейтін болады. Жаңа ғана конференцияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ал, шара аясында этноауыл көрмесі өтіп жатыр.

Бұл басқосуда Ұлыбритания, Франция, Армения, Әзірбайжан, Беларусь елдерінен және қазақстандық өнер мен мәдениет саласының мамандары өз ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізіп жатыр. Конференция үш күн жалғасады. 

 

Хабарламаларға жазылу