Елена Рыбакина тарихта алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина тарихта алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

01.11.2023

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихта алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті. Мексиканың КанКун қаласында өтіп жатқан бәсекенің екінші айналымында отандасымыз грекиялық Мария Саккариден 6:0, 6:7 және 7:6 есебімен басым түсті. Осы жеңісінің арқасында ол топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Енді Елена Рыбакина соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы Арина Сабаленкомен сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу