Жыл соңына дейін 154 мектеп пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін 154 мектеп пайдалануға беріледі

31.10.2023

Жыл басынан бері ел ішінде 78 мың 500 орындық, 77 мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы екі айда түрлі қаржы көздері есебінен 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 62 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеді.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында. Оңтүстік өңірде – 16, Батыс Қазақстан облысында– 14, Астана қаласында – 10, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 7 мектептен салынады. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектептің құрылысы басталып, олар келесі жылы пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде барлығы 740 мың орындық 369 «Жайлы мектеп» салу жоспарланған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу