Экологиялық таза отын өндірісіне өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық таза отын өндірісіне өтеді

31.10.2023

2060-шы жылға қарай өндірісте көміртегінен бас тартып, қошаған ортаға келетін залал азаюы тиіс. Сол үшін «жасыл» сутегі өндірісін дамыту және оны сыртқа экспорттау межеленіп отыр. Британиялық сарапшылар Лондонда бас қосып, экологиялық таза отын өндірісін Қазақстанда жетілдіру мәселесін талқылады.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған шарада «жасыл» сутегі өндірісіне инвестиция тарту бойынша ел үкіметінің бастамалары айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанға инвестиция құйғысы келетіндерге Британ үкіметі қандай қолдау көрсететіні туралы да сөз болды.

Алекс Симаков, «Policy exchange» сараптамалық орталығының аға ғылыми қызметкері:

Сіздердің бұл салада алдағы 20-30 жыл ішінде зор жетістікке жетуге мүмкіндіктеріңіз мол. Біз Ұлы дала елін «жасыл» сутегі өндірісінің Орталық Азиядағы орталығы ретінде қарастырып отырмыз. Бұл көшбасшылық рөлге Қазақстан әбден лайық.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу