Шұбаркөл кеніші әуелде жезқазғандық геолог Василий Богачтың есімімен аталған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шұбаркөл кеніші әуелде жезқазғандық геолог Василий Богачтың есімімен аталған (ВИДЕО)

10.12.2015
Шұбаркөл кеніші әуелде жезқазғандық геолог Василий Богачтың есімімен аталған (ВИДЕО)

Елсіз даланы өндіріс ошағына айналдыру оңайға соқпағаны анық. Кен орнын түрлі түсті металл іздеп жүрген Мәскеу университетінің геологтары кездейсоқ тапқан.

Небәрі 30 метр тереңдіктен табылған көмірдің сапасы тексеріліп, 1983 жылдың күзінде кенішке «Шұбаркөл» атауы берілді. Әуелгіде кеніш жезқазғандық геолог Василий Богачтың құрметіне «Василий» атанған.

Шұбаркөл көмірі сапалы қоңыр көмір сұрпына жатады. Яғни, бұл отын түрі экологиялық таза, күлділігі аз. Кен орнында 3 мыңға жуық адам еңбек етеді. Мұндағы еңбеккерлер тәулігіне орта есеппен 10 мың тонна көмір өндіреді.

Өндіріс орнындағы техникалардың қауқары қандай? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.   

Хабарламаларға жазылу