Сібір жарасы анықталған Топар кентіне тасымалданған мал азығы тексеріліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қарағанды облысының Топар кентінде ауру малдың етін тұтынған 4 адам ауруханаға жеткізіліп, біреуі қайтыс болды. 11 мың тұрғыны оқшауланған елді мекенде қазір ахуал қалыпты. Денсаулығына шағымданған ешкім жоқ. Ал ауруханада жатқан науқастардың жағдайы жақсы. Қазір мамандар өңірге Абай және Шет аудандарынан әкелінген мал азығын жіті тексеруде. Себебі, ол жерлерде кезінде сібір жарасымен ауырған түліктің өлекселері көмілген. Ветеринар мамандар елді мекендегі 373 сиыр, 1600 қой мен өзге де үй жануарларына түгел вакцина салған. Төрт түліктен, сондай-ақ, жем-шөптен сынама алынды. Бірақ инфекцияның қайдан тарағаны әзірге белгісіз.
Данияр Мерғазин, Облыстық ветеринарлық инспекция басшысының орынбасары:
Құлайғыр ауылдық округінің аумағында анықталмаған Сібір жарасының көмінділері бар. Бірақ сол маңайлардан қосымша сынамалар алынды. Шет ауданының аумағында осындай ошақтар бар. Бірақ енді олар қашық. Сол Шет ауданы аумағынан әкелінген, шабылған шөптерді зерттеудеміз.
Руслан Нұрланұлы