Орталық Азия елдері су тапшылығының алдын алуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері су тапшылығының алдын алуға мүдделі

30.10.2023

Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында 2040 жылға қарай елде суға қажеттілік еселеп артып, тапшылық 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан еді.

Аталған проблеманың алдын алуды үкіметке тапсырды. Бұл ретте өзен-көлдерді ортақ пайдаланатын көршілес үш ел – Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан мәселені бірлесе шешуге мүдделі. Оның бір мысалы қырғыз елінде салынып жатқан Қамбар ата су электр стансасы. Ауқымды нысанның құрылысына Қазақстан мен Өзбекстан да қатысады. Бұл жоба Орталық Азия елдері үшін су тапшылығын жоюға айтарлықтай септігін тигізеді.

Муса Джаманбаев, Қырғызстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Су тапшылығы проблемасын шешу мақсатында қолға алынған маңызды жобалардың бірі Қамбар ата су электр стансасы.Нысанды үш елдің, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның үлестік қатысуымен салу жоспарланып отыр. Мақсат – ортақ байлығымыз суды бірлесе пайдалану.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу