Еуропа Азиямен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Азиямен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

09.10.2019

Еуропа Азиямен ынтымақты нығайтуға мүдделі. Тараптар Брюссельде өткен «Жаһандық Еуразия байланысы - бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің драйвері» атты басқосуда өзара қарым-қатынасты күшейтудің жолдарын талқылады. Сарапшылар Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия мемлекеттеріне шығатын есРШығыс-Батыс дәлізінің әлеуетін пайдалану қажеттігін айтады. Қазақ елі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мыңдаған шақырым теміржол мен автомагистральдар салып, Тынық мұхитымен Еуропаның арасын жақындатты. Еліміздің Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан жиналғандарға елдегі көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шаралар жайын баяндады. Ірі нарықтарды түйістіретін, Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір Қазақстанмен қос құрлық елдері де әріптестікті нығайтуға мүдделі. 

Тьерии Мариани, Еуропалық парламент депутаты:

Еуропа Орталық Азия елдерімен экономикалық, интеллектуалдық байланысты күшейту керек екенін жақсы түсінді. Себебі біздің компанияларымыз сіздерде жемісті жұмыс атқарып жатыр. Орталық Азияны жақсы білетін адам ретінде айтайын, осы байланысты артырудағы Қазақстанның рөлі ерекше. Қазақстанкөшбасшы мемлекет ретінде аймақтағы 5 елдің ішкі ынтымағын нығайтуға күш салып отыр. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу