Орталық Азия елдері ынтымақтастықты арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері ынтымақтастықты арттырады

29.06.2022

Орталық Азия елдері азық-түлік қауіпсіздігі, су саясаты, қоршаған ортаны қорғау мен ғылыми-мәдени салада ынтымақтастықты арттыру қажет. Бұл туралы аймақтардың сын-қатерлері мен келешегіне арналған халықаралық конференцияда айтылды.

Алқалы жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, кіріспе сөз сөйледі. Сарапшылар Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталуы қажет дейді. Бастамалардың барлығы ұлттық мүдделерге негізделуі тиіс. Сондықтан, қазіргі тұрақсыз геосаяси жағдайда мемлекеттер ортақ диалог құрып, ұтымды ұсыныстарымен бөліскендері жөн.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйытқы болуымен өтіп жатқан екі күндік конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан өкілдері қатысып жатыр.  

Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Ауғанстан мәселесін де талқылаймыз. Ол жақта қатты ашаршылық болып, мыңдаған адам Орталық Азия елдеріне қоныс аударуы мүмкін. Сонымен ақтар Ковид пандемиясы аяқталған жоқ. Оны да ұмытпайық.

Хабарламаларға жазылу