Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

29.08.2021

Бүгін Жалпыұлттық Аза тұту күні. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтып отырмыз. 13 адам мерт болды. Төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің және әскериленген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері. Үш адамның кім екені әлі анықталмады. Сонымен бірге үш адам із-түзсіз жоғалған. Ондаған адам жарақат алған. Дәрігерлер ауруханада жатқандардың кейбірінде күйік шалу деңгейі жоғары екенін, олардың ауыр хәлде екенін айтып отыр.

Бүгін мемлекеттік ғимараттарда, шетелдегі дипөкілдіктерде еліміздің туы түсірілген, көңіл көтеру шаралары өтпеуі тиіс, радиолар мен телеарналарда көңіл көтеру бағдарламалары мен жарнама көрсетілмейді.

Бүгін Ақорда баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйымдардан көңіл айту жеделхаттары түсіп жатқанын хабарлады. Олардың қатарында Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения басшылары және Шанхай ынтымақтастық одағы мен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің басшылары бар.


Хабарламаларға жазылу