Бүгін - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

29.08.2021

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 - тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қайғылы оқиғаға байланысты бүгін сағат түнгі 12:00-де елордадағы бас байрақ пен еліміздегі барлық тулар төмен түсірілді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев аза тұту күніне байланысты:

«Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деді.

Бұл ел тарихында оныншы рет жарияланып отырған Жалпыұлттық аза тұту күні. Еске сала кетсек, 26 тамыз күні сағат кешкі 19:00 шамасында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, салдарынан жарылыстар болды.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу