Қазақстандық палуандар Мадридте 8 медаль еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық палуандар Мадридте 8 медаль еншіледі

07.07.2014
Қазақстандық палуандар Мадридте 8 медаль еншіледі

Грек-рим күресінен Испанияда өткен халықаралық Гран-при турнирінде қазақ палуандары сегіз медаль жеңіп алды. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling Online хабарлайды.

Алтын жүлдені Ербол Қоңыратов (59 келі), Асхат Жаңбыров (71 келі), Досжан Кәртіков (80 келі) және Нұрсұлтан Тұрсыновтар (85 келі) иеленді.

Мақсат Ережепов (71 келі) пен Ерұлан Ысқақов (98 келі) күміс медаль жеңіп алды.

Алмас Кебіспаев (59 келі) және Азамат Күстібаев (80 келі) халықаралық турнирден қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, жалпы есепте Таңат Сағындықовтың жігіттері екінші орынға табан тіреді. Бірінші сатыда Испания құрамасы.

Хабарламаларға жазылу