Әлемдік олимпиада жеңімпаздарына 5 млн теңгеден табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік олимпиада жеңімпаздарына 5 млн теңгеден табысталды

27.10.2023

Әлемдік олимпиада жеңімпаздарына 5 млн теңгеден сыйақы берілді. Марапаттарды оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстады. Жыл басынан бері түрлі деңгейдегі халықаралық білім сайыстарына қатысқан 23 оқушының 2-і алтын, 10-ы қола, 11-і күміс медаль жеңіп алған. Химия, математика, физика бағыттарындағы білімдерін халықаралық деңгейде дәлелдеген оқушылардың ұстаздары да бір реттік сыйақыға ие болды. Осылайша 20 педагогтің әрқайсысына 500 мың теңгеден берілді. Былтыр мемлекет басшысы халықаралық білім байқауларының жүлдегерлері мен жетекшілеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Бүгінде білім бәйгелерінің үздіктеріне біржолғы қаржылай көмек көрсетіліп келеді.

Ислам Амангелді, олимпиада жеңімпазы:

Халықаралық олимпиадаға биология пәнінен қатыстым. Дубайда өтті. Үшінші орын алдым. Қола медальі. Бұл ақшаны өзімнің біліміме салып жатырмын деп айта аламын. Жоспарым енді тапсырып жатырмын. Бұйырса Гонконг, АҚШ, Еуропа болуы мүмкін.
Аида Ахметбек
астана

Хабарламаларға жазылу