«Еңбек жолы» жеңімпаздарына 1 млн теңге табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңбек жолы» жеңімпаздарына 1 млн теңге табысталды

05.12.2019

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарына 1 млн теңгеден табысталды. Биыл қатарынан үшінші рет ұйымдастырылып отырған салтанатты шара Елорда төрінде өтті. Жалпы үміткерлерден өтінім қабылдау жұмыстары осы жылдың 1 маусымы басталған болатын. Байқауға қатысуға барлығы 400-ге жуық қатысушы өтінім берген. Ал жүлдегерлер онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жұмыскері» номинацияларының жеңімпаздары белгілі болды. Солардың бірі - 560 жылын темір жол саласына арнаған Еңсебаевтер әулеті. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу