Кітапханашылардың айлығы 100%-ға көтеріледі
2025 жылы кітапханашылардың жалақысы 100 пайызға дейін көтеріледі. Бұл туралы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш мәлімдеді. Қазір Қазақстанда 11 мыңға жуық кітапхана бар. Олардың үшеуі Республикалық мәртебеге ие. Жалпы кітап қоры – 328 миллион. Ал еліміздегі оқырман саны 9,5 миллионға жеткен. Республикадағы кітапханалардың 79 % ауылдық жерде орналасқан.
Сондай-ақ, елімізде 70 мыңнан аса құнды құжаттар мен сирек кездесетін кітаптардың электронды нұсқалары сақталған. Қазірдің өзінде әлемнің 100-ге жуық оқырманы оларды емін еркін пайдаланып отыр.
Қуат Бораш, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы:
Көшбасшы елдер қатарында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия бар. Бүгінгі таңда Ұлттық электрондық кітапхана авторлық құқық сақталған құжаттардың толық мәтіндерін қамтып отыр. Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасын дамыту жұмысы қарқынды жүргізіле беретін болады.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10
Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
26.06.2026, 20:09