Иран астанасында Армения-Әзербайжан келіссөздері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран астанасында Армения-Әзербайжан келіссөздері өтті

24.10.2023

Иран астанасында Армения-Әзербайжан келіссөздері өтті. Оған Түркия мен Ресей сыртқы істер министрлері де қатысты. Осы тұста айта кетсек, Анкара - Бакудың одақтасы, ал Ресей өзін Әзербайжан мен Армения арасындағы қауіпсіздік кепілі санайды.

Қарабақ мәселесі шешілгендіктен, тараптар Тегеран кездесуінде Оңтүстік Кавказдағы екі республика үшін бейбітшілік келісімін дайындау, шекараларды демаркациялау және кедергісіз экономикалық көлік қатынасын орнату мәселелерін талқылады. Ал жиын соңында бас дипломаттар аймақ елдерінің территориялық тұтастығын құрметтеуге уағдаласқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу