Петропавлда аула сыпырушыны соққыға жыққан жігіт сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда аула сыпырушыны соққыға жыққан жігіт сотталды

31.01.2024

Аула сыпырушыны соққыға жыққан Петропавл тұрғыны 2,5 жылға сотталды. Оқиға былтыр қараша айында тіркелген еді. Дүкеннің алдында болған жайт бақылау камерасына түскен. 34 жастағы жігіт бірден ұсталды. Жапа шегуші 20 жылдан бері мүгедектік бойынша есепте тұрған. Қылмыскердің айыбы толық дәлілденді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу