Президент тағайындаған сыйлықтың иегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тағайындаған сыйлықтың иегерлері марапатталды

23.10.2023

Мемлекет басшысының мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша тағайындаған сыйлықтың иегерлері белгілі болды. Лауреаттар мәдениет, өнер, әдебиет және журналистика салалары бойынша іріктелген. Байқауға 14 номинация бойынша 70-тен астам авторлық жұмыс келіп түскен. Оның 10-ы мәдениет және өнер, 31-і әдебиет, 30-ы журналистикадан. Жеңімпаздарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттады.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Бұл марапаттардың басты мақсаты: Мәдениет, өнер, журналистика, әдебиет саласында ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосып жүрген белсенді азаматтарымыздың еңбегін бағалау. Мұндай шара тәуесіз еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл сыйлық екі жылда бір рет беріледі. Марапат Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің жаңа және тиімді құралы, деді министр. Жалпы, жүлде үздік деп танылған 21 қатысушыға табысталды.

Татьяна Жанділдина, журналист:

Біздің бағдарламамыз «Достық» деп аталатын бірегей жоба. 1958 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол жеті тілде шығады. Біз ұлтаралық және конфессияаралық келісім, толеранттылық саясатын қолдаймыз. Бағдарламамыз Мемлекет басшысы тағайындаған сыйлыққа ие болғанына өте қуаныштымын.

Надежда Белова, журналист:

Жиырма жылға жуық уақыттан бері Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпынан сыр шертетін «Единый народ» бағдарламасының арнайы редакторы болып жұмыс істеймін. Біздің Жетісу облысында 100-ге таяу этнос өкілдері тұрды, олардың да айтары бар. Бағдарлама арқылы халықтар достығын, этносаралық келісімді жан-жақты көрсетеміз. Соның арқасы болар жеңімпаз атандық. Бұл менің ғана емес бүкіл шығармашылық ұжымның жеңісі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу