Қазақ самбошылары 7 медаль жеңіп алды
Сауд Арабиясында өткен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары 7 медаль жеңіп алды. Жекелей сында 1 алтын, 1 күміс пен 3 қолаға, ал аралас белдесуде 2 күміс жүлдеге ие болды. Мұнда әр құрлықтың таңдаулы самбошылары ғана күресті. 88 келіде бақ сынаған Темірлан Көлбай қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші айқаста сербиялық Владимир Гаичтен басым түсті. Осылайша, ол спорттың осы түрінен Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында топ жарған тұңғыш қазақ атанды.
Ал 98 келіде өнер көрсеткен Асқар Абдулла финалда Беларусь өкіліне жол беріп, күміс жүлде еншіледі. Айта кетейік, осыған дейін қазақ самбошылары Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында бір ғана жүлде алған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Қос азаматтығы барлар анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00