Президент ДДСҰ басшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ДДСҰ басшыларын қабылдады

23.10.2023

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға белсенді кірісті. Бұл туралы Президент, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюро басшысы Ханс Клюгенмен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы халықаралық ұйым жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін атап өтті.

Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ, туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу