Президент Швейцарияның бірқатар компаниясының басшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Швейцарияның бірқатар компаниясының басшыларын қабылдады

30.06.2021

Осы кездесуден кейін Мемлекет басшысы Швейцариялық бірқатар компания жетекшілерімен жеке-жеке кездесу өткізді. Алдымен, Штедлер Рейл Эйджи холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулермен көлік саласындағы инвестициялық жобаларды және Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізу мәселесін талқылады. Одан кейін, Гленкур Интернешнл Эйджи компаниясының бас директоры Айван Глазенберг Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазмырыш» компаниясын дамыту жоспарларын, соның ішінде, Жәйрем кен байыту комбинатындағы жаңа зауыттың құрылысы туралы мәлімет берді. Ал, Ф.Хоффман-ЛА Роч Эйджи фармацевтикалық компаниясының басқарма төрағасы Кристоф Францпен кездесуде ортақ жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде, COVID-19 індетін зерттеу жөнінде ғылыми лаборатория ашу мәселесі сөз болды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу