Президент жаһандық коалиция құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жаһандық коалиция құруды ұсынды

23.10.2023

Денсаулық сақтау жүйесі кез-келген күрделі жағдайға әркез дайын болуы керек. Ол үшін салаға қолдау қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияда осылай деді. Алматы декларациясының қабылданғанына биыл 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл. Осыған орай, әлемнің 70-тен астам елінен білікті маман жиналды. Отырыста Президент алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды. Бұл бірлестік аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік бермек. Ал ауру-сырқаудың белгілерін бастапқы кезеңінде анықтау мен тосын сын-қатерлерге дер кезінде назар аудару үшін әлеуетті арттыра беру маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Медицина саласындағы міндеттер өте қауымды әрі күрделі екені белгілі. Оны тиімді шешу үшін жаңашылдық және тығыз ынтымақтастық қажет. Сондықтан білікті мамандардың тәжірибе алмасуы өте маңызды. Бүгінгі басқосуда салмақты ойлар және салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін.

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу