Таяу Шығыстағы тұрақтылықты нығайту мәселесі қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыстағы тұрақтылықты нығайту мәселесі қозғалды

20.10.2023

Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың әрі қарай өршуіне жол бермеуге тырысуға және осы бағытта әрекеттерін үйлестіруге келісті.

Бұл туралы Біріккен Корольдіктің үкімет басшысы Риши Сунак пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхамед бин Салманның кездесуінде айтылды. Қос лидер Газаға шұғыл гуманитарлық көмек жеткізу қажеттігі туралы да талқылады. Риши Сунак Сауд Арабиясын Таяу Шығыстағы ықпалды ел ретінде өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға үндеді. Мұның алдында Британия премьері Израильге барған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу