Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті

29.09.2015
Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін айтты.

Нұрсұлтан  Назарбаев сондай-ақ,  К.Беттельді  Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның  Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады, деп үміттенетінін жеткізді.

Люксембург Премьер-министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтардың басын қосқан Астана экономикалық форумының табысты өткенін  атап айтты.

Хабарламаларға жазылу