Елімізде 8,4 млн адам қарызға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 8,4 млн адам қарызға батқан

20.10.2023

Халық несие қамытын киіп отыр. Елімізде 8,4 миллион адам қарызға белшеден батқан. Оның 1,7 миллион кредитін төлей алмай отыр. Бұл туралы «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Ол қарызға ұрынып қалған халықтың қаржылық сауаты төмен дейді. Тіпті соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. Бұл - несие проблемасының асқынып кеткеннің кесірі дейді Мәжіліс спикері. Сондай-ақ, жиында кепілсіз онлайн-кредитке шектеу қою мәселесі де көтерілді. Себебі несие алушы студент жастардың саны тым артқан. Ал Премьер-Министрінің орынбасары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қарыз алушылардың құқығын қорғау үшін заңнамалық түзетулер енгізу пысықталып жатыр,- деді.

Тәуірбек Бозекенов


Хабарламаларға жазылу