Теміржол қызметкерлеріне арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу керек - депутат
Теміржол қызметкерлеріне арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу керек. Бүгін сенатор Геннадий Шиповских осындай ұсыныс жасап, депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша қарапайым теміржолшылар үшін баспана алу арман. Өйткені жалақылары төмен. Ал жұмысы ауыр. Сондықтан тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп қана қоймай, жалақыларын да көтеру керек дейді. Сондай-ақ, зейнетке шығу жасын да 63-тен 57-ге немесе 55-ке дейін төмендетуді ұсынды.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мемлекеттік қызметте, қарулы күште болсын, болмаса басқа санаттағы жұмысшыларда арнайы тұрғын үй бағдарламалары қарастырылған. Ал 140 мыңға жуық қызметкері бар «ҚТЖ» компаниясының қарапайым жұмысшылар үшін өңірлерде тұрғын үй бағдарламалары қарастырылмаған. Бұл нағыз порадокс, егер бұл мәселе оң шешімін табатын болса, қаншама отбасы бақытқа бөленіп, баспаналы болар еді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08